Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ » Қарасу орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарасу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
24
февраль
2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Студент күндердегі арманыңның қазіргі күнде орындалатындығын кім білген десеңші?! Өзімнің арманыма, сүйікті университетіме бір қадам жақындағандай болдым. Жалғыз менің емес талай түлектің арманы болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің химия және химиялық технология факультетіне магистратураға түскен кездегі қуанышымды сөзбен жазу мүмкін емес. Сонымен, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының магистранты болып, қазіргі кезде доцент м.а., х.ғ.д. Ажигулова Р.Н. жетекшілігімен диссертациялық жұмысымды қорғауға дайындалып жатырмын. Шынында, арман боларлықтай,атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді жаулап алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық саласында табысты еңбек етуде.
Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ҚР Қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндікберетінәскерикафедражұмысістейді.


Әл-Фараби кітапханасы – Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана саналады. Орта Азиядан ойып орын алатын кітапхана 6 бөлімнен тұрады. Су жаңа кітапханадағы 2 миллионға жуық кітаптың 60 пайызы орыс, 30 пайызы қазақ тілінде болса, шет тілдеріндегі кітап 10 пайызды құрайды. Кітапханада электронды каталог та жұмыс істейді. Бұған дейін, әр факультетте орналасқан оқу залдары мен кітаптар толығымен осында көшірілген.


Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған. Мұнда түрлі ұйымдардың, паспорттық үстел, студеттерге әлеуметтік көмек кабинеттері және т.б студенттерге қызмет көрсету салалары, кинотеатр жұмыс жасайды. Қайсы бірін алсақта барлығы да студенттердің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Біздің университетіміз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың өсиетін жерге тастамай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!», – деген Мағжан ағамыздың сөзін желге ұшырмай сенімін ақтап жүрген оқу орны екеніне кәміл сенемін.
Қарасу орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тілеуханова Құралай.
www.kaznu.kz

Похожие публикации:

01 июль 2017 Ата-анларға
28 апрель 2017 Еңбек Кодексі